Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол инфрақұрылымы – маңызы әрі күрделі сала

29.11.2023, 10:30 331

Бүгінде аймақ аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3418,5 км құрайды. Оның 1014,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1849 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Жыл бойы атқарылған жұмыстар аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндады.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру, 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі индикаторлық көрсеткіштерін 95% дейін жеткізуді белгіледі. 2023 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 37 128 миллион теңге бөлініп ұзындығы 603 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде. Нәтижесімен жыл соңына дейін жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы индикаторлық көрсеткішін 87% жеткізу жоспарлануда, – деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: