Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған аңшы табылды

30.10.2020, 14:15 542

HALYQLINE.KZ Бүгін облыстық өңірлік қызмет орталығында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов «Аңшылыққа шығып жоғалып кеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді» тақырыбында сұхбат берді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдеріне өрт сөндіру қызметінің бастығы 2020 жылғы 27 қазанында үш адамнан тұратын аңшылар тобы Арал теңізі, Қаратерең елді мекені, Арал ауданына қарай аң аулауға барғанын және бірнеше сағаттан кейін аңшылардың біреуі жоғалып кеткен. Өз күштерімен іздеу келесі күні де нәтиже бермеді. Нәтижесінде, 28 қазан күні 21:29 кеткенде АІІБ-де адамның жоғалғаны туралы хабарлама тіркелді. Іздестіру-құтқару жұмыстары «Көкарал» шлюзінің платинасынан 30 км қашықтықта ұйымдастырылды. Іздестіру жұмыстарына 8 полиция қызметкері, аудан әкімдігінің 5 өкілі және Қызылорда облысының Өрт сөндіру қызметі Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы жұмылдырылды.

Батпақты жер іздестіру жұмыстарын қиындаттуына қарамастан, құтқарушылар теңіз маңына жаяу жүріп өтіп, күн батқанға дейін жалғастырған. Бірақ олар оң нәтиже бермеген соң, 30 қазан күні таңертеңнен бастап жоғалған аңшыны іздеуге 4 құтқарушы мен 1 техникадан тұратын жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы бірнеше аңшылар тобымен бірге жалғастырды.

«Нәтижесінде 08:45 минутта 8 км қашықтықта «Арго» жол талғамайтын көлігімен жүрген аңшылар тобының бірі аңшыны тапты. Қазіргі уақытта Жоғалып кеткен аңшы Ақтөбе қаласының 1974 жылғы тұрғыны, құтқарушылар алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті, ыстық тамақпен тамақтандырды және Арал қаласына Аудандық полиция бөлінің қызметкерлеріне табыстаған», – деді Н.Ибрагимов өз сөзінде.

Әлия ЕРЕЖЕПОВА,

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметінің баспасөз хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: