Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жер саласы мамандарына құрмет көрсетілді

12.03.2021, 17:30 282

HALYQLINE.KZ  Қазақстанда Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі.

Жер – мемлекетіміздің материалдық негізі, байлығымыздың қайнар көзі, бабалар аманаты. Осы жер саласында жұмыс істейтін мамандардың жауакершілігі зор. Әділдікті, нақтылықты, заңдылықты ту еткен корпорациямызда 100-ге жуық жерге орналастырушы, топырақтанушы, геодизист маман жемісті жұмыс істеп келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жер кадастрының біріккеніне де биыл 5 жыл толып отыр. Мемлекеттік корпорация жер кадастры бойынша монополиялық қызметтердің 13-ін және жерге орналастыру жұмыстарының 11 түрін көрсетеді. Өткен жылы карантиндік шектеулерге қарамастан 16 411 қызмет халыққа қызмет жасалды.

Осы кәсіби мерекеге орай корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев ұжым қызметкерлерін құттықтап, белсенділік танытқан мамандарды марапаттады. Оның ішінде 30 жылға жуық жерге орналастырушы ретінде қызмет атқарып келе жатқан Перизат Жанмолдаева облыстың Құрмет Грамотасымен марапатталса, Е.Ескалиев, З.Даумова, С.Аманбаев, Т.Жәрімбетов, А.Сақтағанова, С.Сарсембаев, Ә.Айназаров, И.Ахметов, А.Ембергенова, А.Есназаров облыс әкімінің алғыс хаттарын иеленді. Филиалдың өзге де үздік деп танылған жерге ораналастырушы мамандарына филиал директорының алғыс хаттары табыс етілді.

2020 жылдың соңғы тоқсанында жер қатынастары саласындағы бірқатар қызметтер онлайн форматқа көшірілді. Енді «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, бұрын графикалық мәліметтерімен жобаланатын жер учаскесін келісу мерзімі 15 күнтізбелік күн болса, қазір ол 7 жұмыс күніне дейін, ал жеке сәйкестендіру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнінен 4 күнге дейін қысқарды. Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру мерзімі 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: