Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Желіде интимді видеосы тараған тамада мәлімдеме жасады

15.04.2026, 15:10 23327

Ел ішінде «Хан» атымен танылған тамада мен оның жұбайы әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, көпшілік талқысына түскен жағдайға байланысты түсінік берді, — деп жазады Democrat.kz.

Тамаданың сөзінше, тараған видео әдейі жарияланбаған. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты арасындағы жеке видеожазба жасырын файлда сақталған, алайда кейін белгісіз жолмен сыртқа шығып кеткен. Ол бұл жайттың хайп үшін жасалмағанын айтып, видеоны кім таратқанын анықтап жатқандарын жеткізген.

Ал оның жұбайы желі қолданушыларына үндеу жасап, тараған материалды қарай бермеуге және оны өшіруге шақырған. Ол соңғы күндері өздеріне түрлі хаттар келіп жатқанын айтып, бұл жағдай отбасының психологиялық ахуалына ауыр соққы болғанын жасырмаған.

Жеке сипаттағы мұндай жағдайдың көпшілікке таралуы қоғамда жеке өмірге қол сұқпау, цифрлық қауіпсіздік және әлеуметтік желідегі жауапкершілік мәселесін қайтадан алға шығарды.

Фото: Видеодан скрин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: