Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірімнің өмірін құтқарып қалған азаматқа құрмет көрсетілді

25.06.2026, 16:20 66


Сырдария өзенінде суға кету қаупі төнген жасөспірімді құтқарып қалған Гайдай Николай Николовичке құрмет көрсетілді.

Оқиға кезінде бірнеше жасөспірім өзен жағасында шомылып жүрген. Сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған Гайдай Николай Николаевич жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін дер кезінде байқап, еш ойланбастан көмекке ұмтылған. Нәтижесінде жасөспірімді жағаға аман-есен шығарып, оның өмірін сақтап қалды.

Азаматтың батыл әрекеті мен жоғары жауапкершілігі ескеріліп, оған арнайы құрмет көрсетілді.

Жиында қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов Гайдай Николай Николовичке Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сый-сыяпатын табыстап, мұндай жанашырлық пен жауапкершілік адам өмірін сақтап қалудағы жанқиярлықтың жарқын көрінісі екенін жеткізді.

Айта кетейік, оқиға Сырдария өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген аумағында болған. Осыған байланысты тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу қажеттігі ескертілді.

Фото: қала әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: