Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

  • USD: 419.66 (0)

  • EUR: 500.44 (0)

  • RUB: 5.62 (0)

Жақаевтай жан қайда?

23.01.2021, 16:00 178 0

HALYQLINE.KZ  Мемлекеттен қаржы алып, жұмысын істеп берген пысақайдың талайын тексере келгенде, ісінен ши шығып жатады. Қымқырып қалған, жымқырып үлгерген. Сапасыз істеген, аяқтамай қашып кеткен. Әйтеуір адал атқарғандары аз ғой.

Осыны ойлағанда Сыр бойының қарапайым диқаны, күрішшілер бригадирі Ыбырай Жақаев ақсақалдың бір сөзі еске түседі.

…1949 жылы өзіне бекітілген 5 гектар танаптың әр гектарынан 171 центнер күріш жинап, әлемде ешбір ел жетпеген жетістікке жетті. Хабарды естіген Кеңес Одағының басшылары мен ғалымдары күмән келтірген. «Мүмкін емес» деп арнайы комиссия жіберген. Олар келіп алынған өнімді бір грамын қалдырмай қайта таразыға тартпақшы. Күріш егілген танаптың бір сантиметрін қалдырмай ұзыны мен енін өлшемекші. Сонда Ыбекең «күрішің анау қырманда жатыр, жерің мынау жатыр, мен Нартайдың әнін тыңдауға кеттім» деген. Комиссия ары тексеріп-бері тексеріп, диқанның дүниежүзілік рекордын мойындайды.

Қазір «берген қаржың мынау, салынған нысаның анау, мен Қайрат Байбосыновты тыңдауға кеттім» дейтін ақжүрек біреу бар ма екен…

Қайнар ОЛЖАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: