Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңару күні Жаңақорғанда 2000 түп көшет егілді

19.03.2024, 16:17 135

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 19 наурыз – Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі ұсынылды.

Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.

Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Арық-атыздарды тазалап, тал–дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр.

Осы орайда, Жаңақорғанда «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – мемлекет дамуындағы жаңа кезең» ұранымен экологиялық акциясы өтті.

Акцияға Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеумбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, мекеме ұжымдары, аудан жастары мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан бойынша терек, қара тал, жеміс ағаштары, үйеңкі ағаштары сынды 2000 түп көшет егілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: