Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорған: Қалың қардан 50 уақ мал қырылды

16.03.2021, 9:30 929

HALYQLINE.KZ Жаңақорғанда қойшылардың қар астында шамамен 50-ге жуық малы қалып қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

– Тау беткейінде орналасқан Сүттіқұдық, Қосүйенкі, Қыраш ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонынан 6 қызметкер, 1 техника, ал аудан әкімдігінен 8 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5383 уақ мал болғандығы анықталды. Алайда бұл нақты сан емес. Бүгінде комиссия құрылды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін боламыз, – деді Руслан Сламбекұлы.

Осы жылдың 12, 13, наурыз аралығында күн райы күрт құбылып, 246 шақырымды құрайтын Қызылорда-Түркістан автожолы екі мәрте жабылды. Шиелі, Жаңақорған ауданында 11 техника жұмылдырып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысына кедергі жоқ. Апаттық жағдай болмады, – деді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ»АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлыбек Үсенов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: