Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанабыловтар ісі: сот үкімі жарияланды

27.04.2026, 16:45 72

Сот шешімімен Жанабыловтер жұбына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үкімге сәйкес, блогер Ерболат Жанабылов екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ал оның жұбайы Эльмира Толегенова кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты екі жылға сотталып, жаза өтеу мерзімі екі жылға шегерілді.

22 сәуір күні айыптаушы тарап ерлі-зайыптыларға төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Алайда 27 сәуірде бұл талап жеңілдетілді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамыз айында Жанабыловтер автокөлік ұтысын ұйымдастыратынын жариялаған. Бірақ оған қатысу тек ақылы онлайн курс сатып алғандарға ғана қолжетімді болған. Бұл жағдай қоғамда сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағымдар түскен. Себебі заң бойынша лотереяны тек арнайы рұқсаты бар операторлар ғана өткізе алады.

Нәтижесінде іс сотқа жетіп, бастапқыда блогерлер әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Кейін сот олардың әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін байқап, іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданған. Агенттік өз кезегінде қылмыстық іс қозғады.

Фото: КазТАГ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: