Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз аң аулаудың алдын алу маңызды

27.10.2023, 15:15 527

Аң аулау – аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алуды жүзеге асыратын жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың түрі.

Аң аулау, Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аң аулау – кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) деп екіге бөлінеді.

Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

 Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжалаған өнімдерді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Жануарлар дүниесін қорғау Инспекцияның тікелей міндеті болғандықтан, бұл салада түрлі қиыншылықтар кездесетіні бізге мәлім. Аңшылық маусымы ашыла салысымен аңшы мылтығын арқаланып алып, аң аулауға жолдама парағын алғандарынан бөлек, заңсыз аң атып олжаға кенелгісі келетіндері де көптеп кездеседі.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жануарлар дүниесін қорғаумен қатар, біздермен облыс көлемінде елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер  мен жиналыстарда жануарлар дериваттарын немесе бөліктерін заңсыз алу, иемдену, тасымалдау немесе жоюмен айналысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығы жөнінде хабарландырып, адам көп шоғырланатын жерлерге (Базарлар, вокзалдар, сауда орталықтар) үгіт-насихат парақшалары таратылып, баспасөз беттерінде мақалалар жариялануда.

  Инспекциямен облыс көлемінде қазіргі таңда барлығы 52 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның ішінде 18-сі аң аулау қағидасы бойынша, олар бойынша 440 мың тг айыппұл салынып, өндірілуде. Бұдан бөлек облыс көлемінде 17 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 1 432 273 500 теңге. Сот өндірісінде 4 қылмыстық іс қаралып, 5 адамға бас бостандығынан шектеу жазасын қолдану туралы үкім шығарылды. Қалған істер тергеу өндірісінде қаралуда.

Заң талаптарды кейбір құқық бұзушылар білмегендіктен жасадым деп ақталады. Алайда, заңды білмеген жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ақбөкендерді бірлесіп қорғап, сақтап қалуға шақырады!

Фото: kzl.sud.kz

Н.Айтбаев,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: