Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмысқа тұрғызып беремін…»

12.04.2021, 15:00 332

HALYQLINE.KZ Сәуір айының 10 күні Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.

Осы жылдың ақпан айында танысы сеніміне кіріп ұлын «жұмысқа тұрғызып беремін» деп жалпы соммасы 448 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамай, ақшасын да қайтармай жүрген.

Жедел іздестіру шараларының барысында күдікті анықталды. Ол 39 жастағы қала орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: