Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған бала туралы жалған мәлімет тарауда

29.04.2021, 15:50 456

HALYQLINE.KZ Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде  жоғалған бала  туралы халықты дүрліктіретін аудиожазба таралуда.  Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтін  жалған  ақпарат екендігін мәлімдейді.  

Қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан азаматшаны анықтау жұмыстары жүргізілуде. 
Бұл ретте әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату  үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: