Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған 72 жастағы облыс тұрғынының денесі табылды

18.03.2022, 17:45 578

HALYQLINE.KZ Қызылордада жоғалып кеткен 72 жастағы облыс тұрғыны, өкінішке орай өлі күйінде табылды. 1 айға жуық Оңалбаева Қуанышкүл әжейді іздестіру жұмыстарына қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, жүздеген еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, барынша ат салысты. Іздеуге арнайы техника жұмылдырылды. Мекемелердін бейне-бақылау камералары тексеріліп, жеке құрам қызметкерлері үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Хабар-ошарсыз кеткен 72 жастағы облыс тұрғынын іздеп табу мақсатында Қызылорда-Жезказған тас жолының 187 шақырымға дейінгі орналасқан асханаларға фото суреті ілініп, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп қосымша жауаптар алынды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «МИ-8» тік ұшағы АО «Казавияспас» бортта 3 экипаж, ТЖД-ның 3 қызметкері ҚПБ-ның 2 қызметкері және хабар-ошарсыз кеткен туысқанымен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізіп, бағыты Қызылорда қаласының шет аумақтары, бойы радиусы 120 км дейінгі аумақты аралап іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіру шараларының нәтижесінде 17 наурыз күні сағат 10:40 шамасында далалық аймақта қаладан бірнеше ондаған шақырым жердегі шеңгел арасынан жоғалған облыс тұрғынының денесі табылды. Денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптамалар тағайындалды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: