Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұрлықшылар оқиға орнында ұсталды

15.03.2021, 12:00 766

HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер оңай жолмен ақша тапқысы келген күдіктілерді оқиға орнында ұстады.

12 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының полиция бөліміне кенттегі дүкен ішінде белгісіз біреулердің жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің шатыры арқылы ішіне түсіп, «Каспий банк» терминалдарын болгаркамен кесіп бұзып жатқан жерлерінен екі ер азамат ұсталды. Олар 42 жастағы және 34 жастағы кент тұрғыны екені белгілі болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан заттай дәлел ретінде қылмыс құралдары алынды: болгарка, дрель, монтировка, плоскогубцы.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігіне және 188-3 баптың 3-бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: