Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұрланған картина (Детектив)

21.10.2021, 9:00 292

Дәрігер Рагав Чоудхури станциядағы үйінде бір апта бойы болмады. Оның үйі Солтүстік Калькуттада орналасқан. Зәулім үйде әйелі Нирмала ханым және екі үй қызметшісі қалды. Үйінде көптеген қымбат заттар болды. Өзі экспонаттар, құнды  картиналар  жинағанды ұнататын. Солардың қатарында Джаминдар  Джайпур  атасына  сыйлаған Лорд Ганешаның суреті бар-тын. Бір ғасырға жуық уақыт сақталған картинаның жоғарғы жағында «JG» деген жазу бар. Үйге келгенде ол картинаның «JG» белгісі жоқ екенін байқады. Ол суретті табуға көмектесу үшін детектив Рохит Дуттаға қоңырау шалды.

Детектив оқиға орнына екі күннен кейін келді. Үй ішіндегілерден кезекпен жауап ала бастады. Ол алдымен Нирмала Чоудхури ханымды тергеуге алды. Өткен аптада не болғанының бәрін сұрады. Ол үйден үш-ақ рет шыққанын айтты. Екі рет сауда орталығына, бір рет туысының үйіне барған. Оның екі көмекшісі үнемі үйде болған, алайда үй иесінің әйелі жұмсаған кезде ғана көшеге шықты. Оның екі көмекшісі – ерлі-зайыпты Сехар мен Реха. Олар соңғы 20 жылдан бері осы үйде бірге тұрып келеді. Детектив пен үй қожайыны бұл екеуіне толықтай сенімді. Сехар мен Рехадан бірдеңе сұрамас бұрын, ол бейнебақылау камерасын қарап, өзінен бұрын үйге кім кіргенін тексерді. Детектив Рохит Дутта доктор Рагав үйде болмаған күндерді тексерді. Үйге сол аралықта алты адам кіріп-шыққан. Бірі – бағбан, екіншісі – азық-түлік жеткізуші, үшіншісі – жүргізуші, қалған екеуі – кондиционер жөндеуші, соңында Реханың туысы Раджат.

Сырттан келгендердің аялдау уақыты Реханың немере  інісін  қоспағанда 2 сағаттан аспайды. Ол 1 күн қонған. Ол мұнда дәрігер Рагавқа сол аяғындағы жарақатын көрсету үшін келіпті. Дәрігер үйде болмағандықтан келесі  күні  басқа ауруханаға барған. Бірақ тергеушінің назарын аударған нәрсе – Раджаттың аяғындағы таңғыш. Өйткені ол үйге кіргенде сол аяғын таңып келген, ал үйден шығарда таңғыш оның оң аяғына байланған. Детектив Рохит дереу полицияға хабарласты, ал полиция Реха мен оның немере інісін тұтқындады.

Реха мұнда көп жыл тұрғандықтан ол бәрін білетін. Ол Раджатқа картинаны суретке түсіріп жіберді. Сөйтіп суретшінің көмегімен құнды картинаның жалған нұсқасын істетті. Раджат үйге келгенде түпнұсқаны жалғанға ауыстырды.

Қылмыс анықталған соң полиция Раджатты күдікті ретінде тұтқындады және суреттің түпнұсқасы қайтарылды.

HIMELDEY

Ағылшын тілінен аударған Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: