Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

12.05.2026, 12:00 39

Қызылорда облысының полиция департаментінің ұйымдастыруымен 12-14 мамыр аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу.

Рейд барысында жасөспірімдердің жүріс-тұрысына бақылау жүргізіліп, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және көшелерде бей-берекет жүрген кәмелетке толмағандар анықталатын болады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: