Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйені түгімен «жұтқан» тұрғын

02.04.2021, 16:30 455

HALYQLINE.KZ 1 сәуірде Қызылорда облысы, Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Аралқұм ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас түйесін ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 700 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті 41 жастағы Арал ауданының тұрғыны анықталды.

Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 1-бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: