Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторы экстремизм және терроризмге қарсы кітаптармен толықты

18.06.2021, 11:38 519

ХХІ ғасырда қоғамдағы ауыр дерттің бірі,қоғам өміріне қауіп төндіретін экстремизм және терроризм болып отыр. Бүгінгі жаһандану кезінде дін туралы ақпарат әр жерде кезігеді. Олардың арасында шындыққа жанспайтын  керіағар ақпараттар да бар. Осы арқылы халық ғаламтор арқылы улы уағыздары тыңдап, соны насихаттап жүрген әртүрлі жат ағымдардың қармауына қалай іліккенін өзі де байқамай қалады.

Міне, сондай жандардың біршамасы, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы Экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтар. Осы орайда, жат ағымға кіріп «адасып» кеткен, мекеменің оқшауланған аймағындағы сотталғандармен үздіксіз теологиялық оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі ретінде, дінге сенуші сотталғандардың бойында оң иммуниттет қалыптастыру мақсатында, сотталғандардың өз беттерімен сауаттарын арттырып, танымдарын кеңейтулері үшін, діни әдебиеттермен қамтамасыз етіліп отыр.

Мекеменің теолог маманы Р.Рузиев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық «Ақмешіт –Сырдария» мешітіне мекеме кітапхана қорын толтыру үшін дәстүрлі ислам бағытындағы кітаптарды сұратқан болатын. Теологтың сұранысы негізінде, орталық мешіттің наиб имамы Жеңіс Әбибуллаұлы 2 Құран кітабы мен 29 діни әдебиеттерді әкеліп берді.

Рухани орда өкілі әкелінген кітаптарды, мекеменің АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлеріне арнайы табыстап, әр кітап бойынша қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.

  • Бұл кітаптар жазасын өтеушілердің түзелуіне ықпалын тигізеді, сотталғандарды рухани тәрбиелейді. Оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге оң әсерін беріп, кейбір жаза өтеушінің өмірлік көзқарастарын жағымды бағытқа өзгертуге септігін тигізеді, – дейді, Ж.Әбибуллаұлы.

Ия, теологтардың уағыздарынан бөлек, сотталғандардың өз беттерімен де сауаттарын арттырып, танымдарын кеңейтулері үшін әкелінген бұл діни кітаптарды оқи отырып, түзу жол табуға болатынын, шын тәубеге келіп, жақсы амал қылсаң, Алланың алдында кешірілмейтін күнә жоқ екенін ұғады. Сондай-ақ, өздерінің де қателесіп, шалыс қадам жасап, темір торға қамалғанымен, ертең-ақ қоғамға, еліне пайдасы тиетін, өзгелерге үлгі болатын тұлғаға айналуларына мүмкіндіктері зор екеніне сенімі артады деп білеміз.

Раушан Қуанқызы
ЗК-169/1 Республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілде аудармашы маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: