Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сын сағатта ерлік көрсеткен полицейлер жайлы не білеміз?!

20.12.2021, 14:45 600

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 26 мамырында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сақшылары қызыл жалын шарпыған үйден тұрғындарды құтқарып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ақмешіт мөлтек ауданы №2 үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының жаяу бағыттағы қызметкерлері полиция кіші лейтенанты Талғат Шалқарбаев, аға лейтенанттар Ержан Анапияев, Темірбай Ғалымжан және полиция капитаны Сатенов Бектұр тұрғындарды құтқаруға шұғыл кіріседі.

Қою түтін арасынан жол тапқан сақшы Талғат Шалқарбаев лаулаған от көрші пәтерлерге таралып кетпес үшін тез сөндіруге кірісті. Полицейлер жедел шешім қабылдап, пәтер есігін күш қолданып ашып, 1967 жылы туған азаматшаның өміріне араша болып, құтқарды. Ал үш қызметкер өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын, алдымен балаларды, кейін ересектерді сыртқа шығарады. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары дән риза болды. Ердің ері сыналар оқиға болған тұстағы батырлығы үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері ерлік көрсетіп, азаматтық танытты. Құқық қорғаушылар мұндай қауіпті жағдайлармен күнде кездеседі. Сұрастырсаңыз, сын сағаттағы ерліктері жайлы тізе беруге болады. Қай-қайсысының болмасын, ерлігі бағаланып, марапатталып жатыр. Елге қызмет ететін осындай адал құқық қорғаушылар полиция абыройын көтеріп келеді. Сын сағатта ерлік көрсеткен ендігі жерде бұл батырлар туралы не білеміз? Қысқаша тоқталып өтсек.

Сатенов Бектұр Амангелдіұлы 1978 жылы 9 маусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдары қатарында 2009 жылдың сәуір айынан бастап қызмет атқарып келеді. 2016 жылы Б.Бисенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Ал, қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің взвод командирі қызметінде. Полиция капитаны Бектұрдың адам өмірін арашалауда бұл бірінші ерлігі емес. Атап айтар болсақ, мінсіз қызметі мен 4 адамды өрттен құтқарғаны үшін 2010 жылдың сәуір айында Бектұр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз қолымен «Ерлігі үшін» омырау белгісімен марапатталған.

Шалқарбаев Талғат Байзақұлы 1992 жылы 6 шілде күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Далдабай ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдары қатарында 2013 жылдың қараша айынан бастап қызмет атқарып келеді. 2011 жылы Қызылорда қаласының «Қызмет» коледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Ал, қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы, полиция лейтенанты.

Темірбай Ғалымжан Талғатұлы 1993 жылы 30 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2000-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №46 мектеп-лицейін тамамдаған. 2011 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінде білім алған. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап құқық қорғау саласында қызмет етіп келеді. Полиция аға лейтенанты Темірбай Ғалымжан қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы.

Анапьяев Ержан Мухтарович 1988 жылы 20 маусымда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Алматы қаласындағы «Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің түлегі. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарады. Ержан Мухтарович полиция аға лейтенанты қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы қызметінде.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай осы батыр полицейлер министр Е.Тұрғымбаевтың қолынан «Жауынгерлік ерлігі», «Ерлігі үшін» төсбелгілермен марапатталып, марапат биігінен көрінді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: