Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер сарбаздың өліміне қатысы бар азаматты ұстады

11.01.2022, 9:30 258

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласында қаңтар айының 5 күні жаппай тәртіпсіздік болғаны белгілі. Мұның салдарынан полиция қызметкерлері жараланып, 5547 әскери бөлімінің сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Болған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен (жаппай тәртіпсіздік барысында адам өлтіру) және Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп әскери қызметшіні қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар, 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бүгінгі күні, іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: