Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды

22.10.2021, 12:30 199

HALYQLINE.KZ Қызмет барысында ел алғысына бөленіп жатса полицейлер еңбегінің жанғаны деп білеміз. Қолға алған игі бастамаларымыздың сіздерге пайдасы тиіп, қуанышқа кенелтіп жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Бұдан былай да әрбір полицей сіздер үшін, сіздердің мүдделеріңіз үшін қызмет етпек. Халық сенімі бәрінен биік. Ал, азаматтар тарапынан айтылған әрбір жылы лебіз – біздің жұмысқа деген ынтамызды арттырып, зор жетістіктерге жеткізері хақ.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы қыздың анасы арызданған болатын. Ананың айтуы бойынша, 18 қазан күні қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтып, 102 арнасына хабарлама түсірген.

Полиция қызметкерлері 7 күннің ішінде жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған 18 жастағы бойжеткен 23 қазан күні азанғы уақыт 8:00 де қала орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткеннің және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болған ана, полицейлерге өз алғысын білдіріп, қызметтеріне тек қана жетістіктер тіледі.

Полиция қызметкерлері балаларыңызды бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Қызылода қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: