Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Оқушыны көлік қағып кетті (Видео)

08.04.2022, 14:30 556

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын көлік қағып кетті.

Қазіргі таңда оқушы қыз ауруханаға жеткізіліп, ем-дом жасалуда.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

«Кеше облыс орталығында көлік 10 жастағы оқушыны қағып кетті. Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оқушыны реанимация бөліміне жатқызды. Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Жасөспірім түрлі жарақат алған. Бақытымызға орай, балалар ауруханасы дәрігерлерінің шеберлігі мен кәсіпқойлығының арқасында бүгінде ол өзіне келіп, бөлімге ауыстырылды. Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы! Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ!, – дейді Қызылорда облыстық балалар ауруханасы ресми парақшасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: