Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қинау деректері бойынша проблемалық сұрақтардың тізімін анықталды

18.03.2022, 12:10 341

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облыстық прокуратурасында қаңтар оқиғасы аясында қинау деректері бойынша проблемалық сұрақтардың тізімін анықтау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және қоғам белсенділері қатысты.

Талқылау барысында көтерілген ұсыныс пікірлерді орындау мақсатында облыстық прокуратурамен  жұмыс жоспары бекітіліп, орындау мерзімдері айқындалды.

Қаңтар оқиғасындағы қинау дерегімен тергелудегі қылмыстық істер бойынша 7 бағытта проблемалық сұрақтар тізімі дайындалды.

Оның ішінде адвокаттық қызметін тиімді пайдалану, дәлелдемелерді бекіту мақсатында тергеп-тексеру әрекетіне аудио, бейнежазба және өзінің жеке ноутбугімен тергеу, жауап алу орындарына кіру мүмкіндігін қарастыру көзделген.

Бекітілген жұмыс жоспарды қысқа мерзімде жүзеге асыру және сапалы орындау облыстық прокуратураның тікелей бақылауында болады.

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: