Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қару асынып жүргендер бар екен…

09.02.2021, 11:30 437

HALYQLINE.KZ 27 қаңтар – 6 ақпан аралығында облыс бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында, 4826 қару иелерінің мекенжайы тексеріліп, 84 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Әкімшілік кодексінің 482 (қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бабымен, заңсыз айналымнан 24 қару тәркіленді.

4 ақпан күні Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынының сарайында ІІО-да тіркеуде жоқ, 2-ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін алынды.

5 ақпан күні Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерді тексеруде 28 жастағы азаматтың ІІО-да тіркеуде жоқ 8 мм газды тапаншасын 8-дана оғымен заңсыз алып жүргені анықталған.

Сонымен қатар, кодекстің 484-бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 26 азаматқа, 486-бабына сәйкес (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 34 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: