Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тұрғыны «Аркан» құрылғысына 28 мәрте түскен

18.04.2022, 17:10 336

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 13 сәуірінде Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Армения мемлекетінде тіркеуде тұрған «Хундай Соната» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 42 жастағы жүргізушінің көлік құралын еш құжатсыз басқарғаны анықталды.

Аталған құқықбұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.Сонымен қатарол бірнеше ай ішінде «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 28 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-ші және 2-ші бөлігі бойынша ұйғарым шығарылып аталған автокөліктің жүргізушісіне 520 мың 710 теңге сомасында айыппұл салынған.

Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.

Қызылорда облысы Полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: