Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайырымдылық жасап, қайырымын көрді

11.02.2021, 18:00 508

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың ақпан айында Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен 10 сотталғанның отбасына қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік салынған себеті таратылды.

Аталмыш шара аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен және аудан жеке кәсіпкері Ж.Айдосов есімді азаматтың қаржылық қолдауының нәтижесінде өткізілді.

«Қазақ халқында «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген даналы сөз бар. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж жандардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Осы мақсатта пробациялық бақылау белгіленген 10 азаматтың отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетіп жатырмыз», – деді Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А.Искаков.

Пробация қызметінің есебіндегі көмекке мұқтаж сотталғандарға қайырымдылық көмек көрсету игі дәстүрге айналған. Бұл – сотталғандардың қайта қылмысқа бармауына, отбасында, қоғамда өз орындарын табуға өз септігін тигізбек.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: