Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген алаяқ ұсталды

14.03.2022, 10:00 335

9 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші «кезектен тыс пәтер алып беремін» деген желеумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматшаға қатысты заңды шара қолдануын сұраған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұл тартпау шарасы қолданылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: