Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

31.01.2022, 12:10 538

HALYQLINE.KZ «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 29 қаңтар күні сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет атқару барысында 35 жастағы ауыл тұрғынының далалық жерде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы, құжатсызаңшы мылтығынзаңсыз алыпжүргені анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: