Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Малдың басым бөлігі өрісте ұрланады

05.02.2021, 18:00 837

HALYQLINE.KZ

Облыста төрт түліктің өрісте еркін жайылуы үшін пада қызметі көбейтілді. Нәтижесінде мал ұрлау дерегі 30 пайызға азайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді.

Аймақта өткен жылы 282 мал ұрлау дерегі тіркелген. 20 қылмыстық топ құрықталып, 107 адамға заң аясында шара көрілген. Ал жыл басынан бері 26 мал ұрланған.

– Мал ұрлығының басым бөлігі өрісте болады. Иесіз жүрген малды сойып алып кететін жағдайлар көп. Мал ұрлығы тіркеліп, кейін далалық жерден табылған дерек те бар. Яғни, мұның барлығы – паданың ұйымдастырылмауы. Малды қараусыз жайылымға жіберудің салдары. Осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Шамшидин Амитов.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: