Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәдениет министрі қызметінен кете ме?

22.02.2021, 15:20 248 0

HALYQLINE.KZ   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековті жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Ербол Еділов telegram каналында хабарланды.

Еділовтың айтуынша, вице-министр Нұр-Сұлтан-Дубай бағытындағы рейсте ұсталған. Ал КазТАГ оның қазір Алматыдағы тергеу әрекеттеріне қатысып жатқанын жазды.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың наурыз айында «мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшысы өз еркімен қызметтен кетуі тиіс» деген Заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай қарамағындағы қызметкері пара алған басшы сот үкімінен соң 10 күннің ішінде қызметін босатуы керек.

Ендеше, «Мұсайбековтің қылмысы дәлелденсе, қазіргі министр Ақтоты Райымқұлова өз еркімен қызметінен кете ме екен?» деген сауал көптің көкейінде тұрғаны анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: