Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәрім Мәсімов «билікті басып алу» бабы бойынша күдікке ілінді

13.01.2022, 14:30 314

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: