Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ішкі істер органдарына 515 адам жеткізілді

12.01.2022, 11:00 175

HALYQLINE.KZ «Қызылорда облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қантардағы № 736 жарлығына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңына сәйкес, Қызылорда қаласына және аудандарға кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына қарулы блок-посттар және төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың коғамдық орындар мен көшеде жүруіне, оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды.

Облысымызға кіру және шығу шектелді. Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар, олардың заттары, көлік құралдары тексеріледі.

Облыс көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты күнделікті сағат 21:00-ден 08:00-ге дейін тоқтатылды. Алкогольдік өнімдерінің сатылуына тыйым салынды. Кафе-барлар, мейрамханалар, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынып, облыс аумағында орналасқан барлық қару-жарақ және арнайы құралдарды сататын дүкендер жабылды.

Облыс тұрғындары сұрақтары бойынша 1414 call-орталығына немесе «102» арнасына хабарласуға болатындығын еске саламыз.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарына 515 адам жеткізілді, олардың әрқайсының іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Оның ішінде 184 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен анықталған 72-сі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

7 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғыны өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданып, сот шешімімен 30 (отыз) тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: