Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Думан Мұхаммедкәрім 48 сағатқа қамалды

22.06.2023, 17:20 236

HALYQLINE.KZ

Бүгін әкімшілік істің мерзімі аяқталып, тергеу изоляторынан босатылуы керек болған Думан Мұхаммедкәрім тағы 48 сағатқа қамалды. Бұл жөнінде журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, журналистке «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» бабы бойынша күдікті деп танылған. Бұл істің қозғалуына Мұхаммедкәрімнің шетелде жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуы түрткі болуы мүмкін.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған. Бір күн бұрын изоляторда бүйрегінің шаншуы (приступ) ұстаған. Алайда оған медициналық тексеруден өтуге рұқсат берілмеген. Қазір журналист Іле аудандық полиция басқармасының уақытша қамау изоляторында отыр.

Бүгін, 22 маусымда ол 25 күн әкімшілік қамаудан кейін шығуы тиіс болатын. Алайда “экстремизмді қаржыландыру” және “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” баптары бойынша қылмыстық істе күдікті танылған журналисті тергеушілер изолятордан жібермеген.

Полиция басқармасының алдында туыстары мен жақтастары журналисті босатуды талап еткен. Жақтастары басқармадан шыққан көлікті шығармай, жолын бөгеуге тырысқан. Бір сәт екі жақ жұлқысып та қалды. Кейін полиция қызметкерлері жиналғандарды екі жаққа итеріп, көліктің шығуына жағдай жасаған.

Думан Мұхаммедкәрім наурыздағы парламент сайлауынан бері үш рет қамалды. Ол соңғы рет мамырдың соңында 25 тәулікке қаламалып, оған жаңа айып тағылған.  Тергеу ісінде Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса үнсіз қалмай, Думан Мұхаммедкәрімнен қоғамға қауіп жоқ екенін айтып, істің әділ тергелуін талап еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: