Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды

09.06.2023, 16:43 244

HALYQLINE.KZ

Қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімге «террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік» (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылған. Бұл туралы 9 маусымда Азаттыққа журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

– Думан Мұхаммедкәрімге қатысты 258-баптың 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұған дейін қозғалған 405-баппен біріктіріліп жатыр. Негізгі іс 258-баппен жүреді. Бізде жаңа ғана 258-бап бойынша қозғалған іс аясында жауап алынды. Думан қорғануға құқығы бар куә ретінде сұрақтарға жауап берді. Іс Әблязовпен болған сұхбатқа қатысты. Өзге ақпарат айта алмаймын, – деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Думан Мұхаммедкәрім 28 мамырда «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Журналист изоляторда сот шешіміне қарсылық білдіріп, өзге де талаптар айтып, аштық жариялаған.

– 10 күннен бері тек су ішіп жатыр. Бүгін жауап алуға келгенде екінші қабатқа әрең көтерілді. Өте әлсіз. Арықтап кеткен. Күші жоқ, – деді адвокат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: