Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дүкенге ұрлыққа түскен қала тұрғыны құрықталды

25.01.2022, 15:30 200

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.  19 қаңтар күні кешкілік уақытта сауда үйінің жанында дүңгіршектің есігінің  ілмелі құлпын бұзып кіріп, ішінен киім кешектерін, 14 дана ұялы телефон құлаққабын, ойыншықтарын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дүңгіршекке ұрлыққа түскен қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге өз заттары  толықтай қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: