Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дикий Арман» қанша уақытқа қамалды?

11.01.2022, 15:25 274

HALYQLINE.KZ Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша «Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі», – делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топты Алматыда арнайы операция барысында ұстаған болатын. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсатын жедел тергеу тобы тексереді», – деді ІІМ өкілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: