Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бұл салаға келгеніме еш өкініп көрген емеспін»

08.03.2022, 11:00 450

HALYQLINE.KZ Бүгінде қоғамда ерлермен қатар еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар көп. Мемлекет басшысы қай жерде де аналардың еңбегін ерекше бағалайды. Әйел-аналарымыз ел тәуелсіздігінің нығаюына, экономиканың дамуына, ел бірлігін нығайтуға өзіндік үлесін қосуда. Ең бастысы, олар еңбек ете жүріп, өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп отыр. Бүгінгі ана өз ұрпағын отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ізгілікке баулып, олардың жарқын болашаққа деген сенімін еселеуде.

Гүлдей құлпырған әйел баласының ішкі істер органдарында қызмет ететіндерін қырдағы қызғалдаққа теңесек, артық айтқандық болмас. Солардың бірі – тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Абдыхаппар Индира. Жалпы білім беретін орта мектепті бітірген соң, «Болашақ» университетінде заңгер мамандығын үздікке бітіріп шыққан. Әділдікті жаны сүйетін Индира 2017 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің меншігіне қарсы қылмыстарды тергеу тобының тергеушісі болып қызметке орналасады. Алтын уақытымен санаспай, қиындыққа мойымауды әдетке айналдырған әйел-полицей еңбекқорлығымен, өз ісіне жауаптылығымен аға тергеуші лауазымына көтеріледі. Ер азаматтармен қатар жүріп, аса ауыр қылмысты тергеу әйел затына оңай соқпасы белгілі. Тал бойында батылдық пен қайсарлығы бар Индира осы жылдар бойы ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып келеді. Әріптестері арасында үлкен сый мен құрметке ие Индира бүгінде полиция аға лейтенанты, қыз бен ұлды тәрбиелеп отырған аяулы ана. Ұлы Бахытжан – «Арай» бастауыш мектебінің 1-сынып оқушысы, аяулы қызы Аяна 2 жаста.

«Тергеу ісі – тыңғылықтылық пен тиянақтылықты талап ететін күрделі қызмет. Бұл салада істеген ісіңді аяғына дейін істеуге тура келгендіктен, адам бойында ұқыптылық пен тиянақтылық болуы шарт. Тергеуші қызметінің ауыртпалықтары болса да, бұл салаға келгеніме еш өкініп көрген емеспін» – дейді аға тергеуші. Аталған қызметінің арқасында Департамент, басқарма бастықтарының бірнеше мәрте «Алғыс хатпен» марапатталған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: