Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бітімгершілік – басты құндылық

01.03.2022, 8:50 590

HALYQLINE.KZ

Қазақ қоғамында дауласқан адамдарды татуластырып, бітімгершілікке шақыру дәстүрі ертеден қалыптасқан. Ел ішіндегі дау-жанжалдар кезінде көпшілікке белгілі, елге сыйлы, сөзі өтімді, өмірден көрген-түйгені мол абыз ақсақалдардың, көреген қариялар мен би-шешендердің дана сөздерімен шешіліп, араздасқан жандар өзара келісімге келіп отырған.

Араздасқан адамдарды бітімгершілікке шақыратын билер дәстүрі бүгінде дауларды сотқа дейін реттеу тәсілдері арқылы жүзеге асырылуда. Өзара келісіммен шешуге жататын даулармен сотқа жүгінген азаматтарға татуластыру тектіктері түсіндіріледі. Соған сәйкес, тараптар татуласу келісімдерін жасап, дауды толық көлемде немесе бір бөлігі бойынша реттей алады. Яғни, бүгінде дауларды сот залына дейін жеткізбей, өзара келісіммен шешуге мүмкіндік бар.

Татуластыру шаралары өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Біріншіден, бұл бабалар дәстүрінің жандануына, азаматтардың уақытының үнемделуіне ықпал етсе, екіншіден, халық арасындағы дауласу деңгейін төмендетіп, адамдардың өзара ымыраға келу мәдениетін қалыптастырады.

Азаматтардың татуластыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жанданып, 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Азаматтық процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізіліп, азаматтардың татуластырудың «сотқа дейінгі хаттама» деп аталатын жаңа түрі пайда болды.

Сотқа дейінгі хаттамада татуластырушы-судья талап қою түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей тараптарға дауды татуласу рәсімдері шеңберінде шешу мүмкіндігін, сотқа дейінгі хаттама жасау құқықтарын, оның артықшылықтарын түсіндіре отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді. Егер тараптар келіссе, оларға сотқа дейінгі хаттаманың нысаны ұсынылады және оны рәсімдеу мерзімі белгіленеді. Сотқа дейінгі хаттамада тараптар дәлелдемелерді көрсете отырып, дауды өзара келісіммен реттеудің нұсқаларын ұсынады.

Дауды бітімгершілікпен реттеудің жаңа иституты қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындырды азайтуға, дәлелдемелермен алмасуға, дау бойынша бір мәмілеге келуге мүмкіндік береді. 

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: