Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бекіре-2021» іс-шарасы басталды

27.04.2021, 10:00 1072

HALYQLINE.KZ

Елімізде балық ресурстарына қылмыстық қол сұғушылықтармен байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында жылда арнайы іс-шара жүргізіледі. Ол су айдындарында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын, браконьерлік фактілерін анықтауға, жолын кесуге бағытталады. Әсіресе, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде «Бекіре» балық корғау акциясын өткізудің маңызы зор. Биыл да бірлескен бұйрыққа (ЭГТРМ, ІІМ 2021 жылғы 17 наурыздағы №150) сәйкес 1 сәуір – 31 мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейні аумағында балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауды және айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Негізінен аталған балық түрі еліміздің батыс өңірінде кездескенімен, оны жер-жерге заңсыз тасымалдаудың алдын алу үшін Қызылорда облысында түрлі транспорттық қатынастарда да бақылаудың болғаны керек. Соған орай, балықты және балық өнімдерін заңсыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарын (оның ішінде моноталшықтан Қытайда жасалған аулар) заңсыз сату фактілерін анықтау және жол бермеу мақсатында автожолдарда, әуежайларда, вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар поездарына ілесіп жүру бағыттарында бақылау орнатылған.

А.Бахытов,

Қызылорда ст. ЖПб ӘПб АҚҚАБт инспекторы,

полиция капитаны

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: