Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бақылаушы Жұлдызай

11.03.2022, 17:15 429

HALYQLINE.KZ ҚАЖ мекемелерінде бақылаушылардың қызметі үлкен жауапкершілікті, сабырлық пен төзімділікті және ұқыптылықты қажет етеді. Өйткені, мекеменің бақылаушылары сотталғандарды қадағалау жұмыстарын және мекемені, сотталғандар жұмысқа орналастырған өндірістік объектілерді,режим талаптары бекітілген,оларға іргелес жатқан аумақтарды күзетеді.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінде 13 бақылаушы қызмет атқарады. Осы салада 2009 жылдан бері қызметте келе жатқан, өзінің қызметіне жауапкершілікпен және адалдықпен қарайтын, ұжымда сыйлы бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты – Жұлдызай Ұзақбаева туралы сыр тартқым келеді.

Жұлдызай Владимирқызы- Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол орта мектепті тәмамдап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «Құқықтану» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын ЗК-169/5 мекемесінде бақылау бекетінде бақылаушыдан бастаған. 2019 жылдан бері қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушы болып жұмыс жасайды.

«Отбасында бес баламыз. Әкем дүниеден ерте озып, анама қолбағыс еттім. Мектепте оқып жүргенде әрбір баланың арманы болады ғой. Мен мектеп кезінде форма киіп, полиция қызметкері болсам деген арманмен өстім. Бала арманыма жеттім. Қылмыстық-атқару жүйесі саласында 13 жылдан аса қызмет етіп келемін. Аяғын шалыс басқан жазасын өтеушілермен тікелей жұмыс жасаймыз. Олардың жұмыс орындарына шығу мен мекемеге кіруі кезінде сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалап, тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қызметіме жауапкершілікпен қараймын, өз білгенімді қызметкерлерге үйретемін», – дейді әділет аға сержанты.

Жұлдызай Владимирқызы өз қызметін мінсіз атқарып, антына берік қалпында қалтқысыз қызмет етіп жүр. Бүгінде жолдасы Асылбек екеуі Маделхан мен Ерхан атты ұл тәрбиелеп отырған бақытты жан.

Дана ДОСТАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер:
  • Адалдық пен абыроймен атқарған қызметің үшін. Ата аналарыңның үмітін ақтағандарың үшін рахмет айтамыз. Жанұяңа бақытты, абыройлы ұзақ өмір тілейміз нағашыларың.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: