Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырда полицияға бағынбай, қарсылық танытқандар қамауға алынды

27.09.2022, 16:30 547

HALYQLINE.KZ 2022 жылдың 27 қыркүйегінде кейбір әлеуметтік желілерде Байқоңыр қаласының №5 бақылау өткізу пунктінде белгісіз тұлғалар, Байқоңыр кешеніндегі РФ ІІМ Басқармасының полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жүргені туралы бейнежазба жарияланды.

Аталған оқиғаға бойынша 24 қыркүйекте бейнежазбадағы ҚР азаматтары Байқоңыр қаласының №5 бақылау өткізу пункті арқылы заңсыз басқа тұлғаның рұқсатнама қағазын пайдаланып өтпек болған, алайда полиция қызметкерлерінің аталған рұқсатнама қағазы тәркіленген. Артынша, рұқсатнаманың иесі келіп, бақылау бекетіндегі РФ полиция қызметкерлерімен рұқсатнаманы қайтарып беруін талап етіп, жанжал шығарған. Заң талаптарына бағынбаған, жоғарыда көрсетілген тұлғалардың іс-әрекеттері РФ ӘҚБтК-нің 19.3-бабымен (полиция қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау) сараланып, Байқоңыр қаласындағы арнайы қабылдау орнына әкімшілік қамауға алынды.

Қазіргі таңда, қаладағы барлық бақылау-өткізу бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Қаладағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Атап өту қажет, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру Шартына сәйкес, Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады.

Байқоңыр қаласының аумағында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектiлерiнiң, Байқоңыр қаласындағы кәсiпорындардың, сондай-ақ тұрып жатқан азаматтардың қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн ерекше тәртіп орнатылған  және қалаға кіріп-шығуды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бақылау бекеттері орналасқан. Бұдан бөлек, қаланың аумағында құқықтық тәртіпті сақтау және тұру режимін қамтамасыз ету Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасына жүктеледі.

Айта кету керек, жағдай тұрақты бақылауда. Қосымша бақылау өткізу пункті қойылмаған. Оқиғаның Ресей Федерациясындағы жұмылдыру шарасына қатысы жоқ және этносаралық қақтығыс орын алған жоқ. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің

қызметін қамтамасыз ету басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: