Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан тұрғынынан есірткі заты табылды

09.03.2021, 16:00 561

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 6 наурызда Арал ауданы орталығында қызмет атқару барысында сағат 02:40 шамасында көшелердің бірінде 23 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы «Ваз-21099» автокөлігі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған.

Тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтарын тапты. Күмән тудырған зат тәркіледі.

Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар шөп ұнтақтары 5,72 гр «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: