Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақшасын еселеп берем деген алаяқ ұсталды

23.02.2022, 10:35 802

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне  Қарағанды облысы Балхаш қаласының тұрғыны арызданды.

Оның айтуынша, Шиелі ауданының тұрғыны жәбірленушіге салған ақшаңды 100 пайызбен еселеп көбейтіп беремін деген жалған мәлімдеумен 750 000 теңге ақшасын аудартып алған. Алайда келісілген ақшасын қайтармай, байланысқа шықпай қалған. Жедел шаралар нәтижесінде алаяқтық қылмысына күдіктелген азаматша құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен /ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: