Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алданудың алдын алды

05.03.2021, 14:45 314

HALYQLINE.KZ Соңғы уақытта алаяқтық жиілеп кетті, онда алаяқтар «Каспий банкінің қызметкеріміз» деп хабарласып, таныстырады және белгісіз біреулер банктік шотты бұзғысы келеді және ақша қаражатын сақтау үшін СМС-кодты алғаннан кейін СМС-кодтарды беру қажет, банктік шоттардан ақша жоғалады деп айтады. Банк қызметкерлері банк клиентінен ешқашан СМС-кодты сұрамайтынын есте сақтаңыз, себебі бұл құпия ақпарат .

3 наурызда Kaspi клиенті болып табылатын 1974 жылы туған облыс орталығының тұрғынына осындай алаяқтық жолмен белгісіз біреу қоңырау шалған. Әңгіме барысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған қыз сенімді түрде 47 жастағы азаматтың банктік шотынан біреулердің ақшасын аударып жатқандығын мәлімдеп, аталған код бойынша құпия сөзін өзгертуді сұраған

Жәбірленуші әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болғандықтан, жақында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «Фейсбуктегі» парақшасында алаяқтар туралы бейнероликті көрген.

Ролик мазмұнының ескерту сипатын еске түсіре отырып, ер адам бірден күдіктеніп, алаяққа қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан. Қала тұрғыны аталған дерек бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасының 102 пультіне қоңырау шалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицияда алаяқтықтың 125 дерегі тіркелген, оның ішінде 8-і – телефон алаяқтық фактісі (банк қызметкерлері).

Полиция басқармасының басшылығы азаматтардан ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де сіздің шоттарыңыз бен карталарыңызға қатысты SMS-код пен басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтындығын хабарлауды сұрайды.

Егер қандай да бір «банк қызметкерлері» сізге қоңырау шалып, осы деректерді хабарлауды сұраса, дереу банктің ресми Call-орталығына 9999 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз және оператордан ақпаратты нақтылаңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: