Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтың түр-түрі бар…

15.02.2021, 17:00 292

HALYQLINE.KZ  13 ақпан күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны 6 ақпан күні одан белгісіз азамат «Sony Playstation 4» ойын приставкасын жалға алып, кері қайтармағаны туралы арызданған.

Жәбірленуші бірнеше рет онымен байланысуға тырысқанымен, телефонына жауап бермей өшірген.

Жас жігіт алданып, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген кезде, ол полицияға хабарласып, көмек сұрайды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 210 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 19 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Өзі мойындағандай, ол жалға алған затты сатып жіберген.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: