Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқ ұсталды

02.06.2021, 16:45 410

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Арызда ол ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында белгілі бір ер сеніміне кіріп, жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде беріп, 950 мың теңгесін алып кеткені туралы көрсеткен. Өзінің «қызметі» үшін төлем алғаннан кейін, алаяқ әлі де уәделерін орындамай, байланысқа шықпай қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті белгілі бір төлем үшін автокөлікті тіркеуді ұсынатын азаматтардың қызметтерін пайдаланбауды ұсынады, өйткені бұл әрекеттер заңсыз болып табылады.

Көлік құралдарын тіркеу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады.

Сонымен қатар, кеңес алу үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының (87242) 29-77-44 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: