Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкім құтылып, орынбасары «таяқ жеді»

05.11.2020, 15:35 489

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда алдымен Кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев 2020 жылғы 23 қазандағы кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысымен таныстырды. Бұл туралы Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті хабарлады.

Келесі кезекте Сырдария ауданының әкімі мен аудан әкімі орынбасарының тәртіптік істері қаралды. Аталған лауазымды тұлғалар күзгі егін жинау науқаны кезінде шаруа қожалығының жұмысына араласып, өздерінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған. Кеңес мүшелері, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін құқықтық жағынан бағалай отырып, аудан әкіміне қатысты тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылдаса, Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін аудан әкімі орынбасарын «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасына тартуды ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: