Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

70-ке жуық үйрек, 22 қасқалдақ атқан браконьерлер ұсталды

04.10.2021, 17:35 564

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 3 қазан күні түнгі сағат 22:49 шамасында «Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін​ мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесі»​ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің испекторлары жүргізген рейдтік іс-шара барысында Арал ауданына қарасты Қаратерең ауылының батыс жақ беткейінен 2 шақырым болатын жерде жасыл түсті Нива маркалы автокөлігі ​ тоқтатылып, тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан заңсыз атылған 22 дана қасқалдақ құсы, 68 дана үйрек құсы және 3 үрлемелі қайық, 3 аңшы мылтығы және атылған 107 оқ дәрі, атылмаған 41 оқ дәрі анықталды.

Тексеру жұмыстарынан кейін АКТ жасалып, түсінік жазылып құжаттар «Арал ауадандық полиция бөліміне» сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуге өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: