Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 тұрғын санын соғып қалды

19.01.2021, 16:00 408

HALYQLINE.KZ 2020 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны алаяқтық деректері бойынша өтініш білдіріп, өз қаражаттарын қайтаруға арызданып, көмек сұрады.

Анықталғандай, бір әйел өткен жылдың басында өзін құрылыс басқармасының қызметкері ретінде көрсете отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін алға тартып, 2 500 000 миллион теңге көлеміндегі соманы иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында 1991 жылы туған облыс орталығының, бұрын сотты болған тұрғыны анықталып, ұсталды. Алаяқ өз ісін мойындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: