Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

13 сотталған шартты түрде босатылған

20.10.2021, 18:20 217

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысыты емес жазаларға сотталағандардың қайталап қылмыс жасауының алдын-алу мақсатында Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары Е.Алмаханов, аудан прокурорының көмекшісі Қ.Назар және аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, кент орталығындағы №2 полиция бекетінде профилактикалық жиын өткізді.

Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамда әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар жасамауы және қоғамдық талаптарды құрметтеу жөнінде түсіндірілді.

Жалағаш аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Еркебұлан Асқаровтың айтуынша, пробация қызметінің есебінен жыл басынан 75 сотталған өтсе, оның ішінде 13 азамат тәртіп ережелерді бұлжытпай орындағаны үшін, сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

«Керісінше, жаза тәртібін бұзып, тәртіпке көнбеген шартты жазаға сотталған үш азаматтың мерзімдері сот қаулысымен 3 айға ұзартылса, бір азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жолданды. Сонымен қатар, жазадан жалтарып, іздеуде болған Р. есімді азамат жедел бағыттағы жұмыстар нәтижесімен пробация қызметкерлерінің күшімен ұсталып, жазасы ұзартылды», – деді әділет майоры Еркебұлан Асқаров.

Сонымен қатар, есептегі сотталғандардың қылмысымен келтірліген залалды өндіру бағытында түсіндіріліп, сотталғандардың сұрақтарына заңдылыққа сәйкес жауап берілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: